Сәтті бейімделуге қадам
Аудандық пробация үйінде пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен кезекті ай сайынғы кездесу өтті.
Іс-шараға аудан прокуратурасының, аудан әкімдігінің, пробация қызметінің, полиция бөлімінің, аудандық орталық аурухананың және Халықты әлеуметтік қолдау орталығының өкілдері қатысты.
Кездесу басында қатысушыларға «Ұйымшылдық – табысқа бастар жол» атты психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг барысында өзара қолдау көрсету, қоғаммен байланысты нығайту, ортақ мақсаттарға бірлесіп қол жеткізудің маңыздылығы айтылды. Сондай-ақ жауапкершілік сезімін, бір-біріне деген құрметті және қоғамға сәтті бейімделуге ықпал ететін құндылықтарды дамытуға ерекше назар аударылды.
Тренингтен кейін жиын өтіп, қатысушыларға әлеуметтік және құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әсіресе, күшіне енген рақымшылық туралы заңды қолдану мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар қатысушылар жұмыспен қамту, еңбекке орналасу және әлеуметтік төлемдерді алу бойынша кеңестер алды.