«Отбасылық дағдарыс: қиын кезеңде қарым-қатынасты қалай сақтау керек» тақырыбында іс-шара өткізілді
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Отбасын қолдау орталығының мамандары «Отбасылық дағдарыс: қиын кезеңде қарым-қатынасты қалай сақтау керек» тақырыбында психологиялық ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы мүшелерінің бір-бірін түсінуіне ықпал ету, қиын кезеңдерде өзара қолдау көрсету мәдениетін қалыптастыру және жанжалдардың алдын алу жолдарын түсіндіру.
Кездесу барысында қатысушылар отбасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту, тиімді қарым-қатынас жасау, эмоцияларды басқару және дағдарыс жағдайларынан бірлесіп шығу тәсілдері туралы пайдалы ақпарат алды. Сонымен қатар, психологиялық жаттығулар өткізіліп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.
Осындай кездесулер отбасы құндылықтарын нығайтуға, өзара сыйластық пен түсіністікті арттыруға және қоғамдағы берік отбасылар санын көбейтуге бағытталған.