Отбасын қолдау орталығының мамандары полиция қызметкерлерімен бірлесіп, Бескөл ауылында профилактикалық рейд ұйымдастырды.
Іс-шара барысында тұрғындарға интернет-алаяқтықтан қорғану жолдары, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары және құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары түсіндірілді.
Сонымен қатар, тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратылып, өзекті мәселелер бойынша жеке кеңестер берілді.
Осындай кездесулер халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етеді.
Қауіпсіздік – хабардар болудан басталады. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!