Әкелер күніне орай Отбасын қолдау орталығының мамандары тұрғындар арасында «Әке – отбасының тірегі» тақырыбында сауалнама жүргізіп, әке туралы жылы лебіздері мен ой-пікірлерін жинады. Іс-шара барысында қатысушылар әкенің отбасы өміріндегі маңызы, бала тәрбиесіндегі рөлі және әкеге деген құрметтері туралы өз ойларымен бөлісті. Бұл бастама отбасы құндылықтарын насихаттауға және әкелердің қоғамдағы мәртебесін арттыруға бағытталды.