«Достаток» ЖШС Отбасын қолдау орталығымен бірлесіп қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, мүмкіндігі шектеулі жеті тұрғынға көмек көрсетті. Акция аясында азық-түлік себеттері табысталып, материалдық қолдау көрсетілді.
Қиын өмірлік жағдайға тап болған жандарға қолдау көрсетіп жүрген барша азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз. Бірлесе отырып, ізгі істерді жүзеге асырып, мейірімділік пен өзара қолдауға негізделген қоғам қалыптастыруға үлес қосып келеміз!