Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын бағалау
2026 жылғы 24 маусымда үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын бағалай мақсатында «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ мамандарымен үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесімен жалғыз тұратын қызмет алушы қарттарға бару ұйымдастырылды.
Рощин ауылдық округі Пеньково, Белое, Березовка ауылдарына жоспарлы бару ұйымдастырылды.
Сапар барысында қызмет алушылардың тұрмыстық жағдайлары тексерілді, сұхбаттар өткізілді, сондай-ақ көрсетілген әлеуметтік көмектің кешенділігі мен уақтылылығы бағаланды. Әлеуметтік қызметкерлердің жұмысына, белгіленген бару кестесінің сақталуына және қызмет алушылардың қызмет көрсету сапасы туралы пікірлеріне ерекше назар аударылды.
Қарт азаматтар әлеуметтік қызметкерлерге ризашылығын білдіріп, қолдауы үшін алғыс айтты. Олар мамандардың күнделікті тұрмыстық қажеттіліктерге, тамақ пен дәрі-дәрмек сатып алуға, коммуналдық төлемдерді төлеуге және жалғызбасты қарттарға қажетті эмоционалды қолдау көрсететінін атап өтті.
Тексеру нәтижесі бойынша әлеуметтік қызметтер толық көлемде көрсетілетіні және алушылардың қажеттіліктері қанағаттандыратыны анықтады. Қызмет алушылардан ешқандай шағымдар немесе мәселелер туындаған жоқ.
Мұндай іс-шараларды өткізу әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсартуға және егде жастағы азаматтар үшін лайықты өмір сүру жағдайларын жасауға көмектеседі. мақала