«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметті көрсетеді:
Осы мемлекеттік қызметті алуға жүгінген кезде қызмет беруші келесі құқұжаттарды тапсырады:
- неке қию немесе бұзу туралы куәлік;
-026/е нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
-наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғаны туралы мәліметтердің жоқ екені туралы анықтамалар;
-18 жастан асқан отбасы мүшелерінің әлеуетті қамқоршысымен бірге тұратын барлық адамдарға қамқоршылық белгілеуге жазбаша келісім (егер қамқоршы қамқоршымен бірге тұрады деп болжанған жағдайда) (еркін түрде).
Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі және қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту 19 (он тоғыз) жұмыс күнін құрайды.
Қамқорлықтағы адамның әлеуметтік төлемдерін (зейнетақы, жәрдемақы) алуға рұқсат алу үшін, шот ашу үшін келесі құжаттар қажет:
- нысан бойынша өтініш;
- көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы мәлімет (көрсетілетін қызмет берушінің қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы бұйрық);
- екінші деңгейдегі банктерде немесе «Қазпочта» АҚ-да қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынушыға шот ашылғаны туралы хабарлама;
- қорғаншылықтағы және (немесе) қамқоршылықтағы адамның кірістерін растайтын құжаттар (Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының төлемдерін тағайындау орталығынан соңғы 6 айдағы кірістері туралы мәліметтер).
Өтініш пен тиісті құжаттар қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттарға тексеру жүргізеді.
Көрсетілетін қызметті беруші («Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ) қажетті құжаттарды тексергеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған кәмелетке толған адамның шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді алуға рұқсат беру туралы белгіленген нысан бойынша бұйрық шығарады.