Қызымет алушыларға жоспарлы бару
2026 жылғы 16 маусымда «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ мамандарымен Березов ауылдық округі Долматово, Гончаровка, Барневка, Ташкентка ауылдарына жоспарлы бару жүргізілді. Бару мақсаты үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасы мен көлемін бақылау, қызмет алушылардың тұрмыстық жағдайын тексеру.
Жұмыс сапары барысында мамандар тұрғылықты мекен-жайы бойынша қызмет алушыларға барды, олармен жеке әңгімелесу жүргізілді, қөрсетілген қызметке қанағаттанушылық деңгейі анықталды. Арнаулы әлеуметтік қызметті уақытылы және сапалы көрсетілуіне ерекше көңіл бөлінді.
Жоспарлы бару көрсетілген қызметтің сапасын уақытында бақылауға, қызмет алушылармен кері байланыс ұстау және халықты әлеуметтік қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.