2026 жылғы 9 маусымда Отбасын қолдау орталығының заңгері М. Нұбаев Бескөл ауылының Мәдениет үйінде Қызылжар ауданының прокуроры Қ. Әбішевтің жетекшілігімен өткен «Құқықтық дәріхана» акциясына қатысты.
Іс-шара барысында тұрғындарға әлеуметтік қолдау, тұрғын үй заңнамасы және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тегін заңгерлік кеңестер берілді. Барлық өтініштер бойынша қажетті түсіндірмелер мен ұсынымдар ұсынылды.