Отбасын қолдау орталығының мамандары «Халық үніне құлақ асатын мемлекет: қазақстандықтардың қоғамдық-саяси көңіл-күйі және әлеуметтік әл-ауқаты» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Кездесу барысында мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылы, отбасыларды әлеуметтік қолдау, қоғамдық көңіл-күй және азаматтармен ашық диалогтың маңыздылығы талқыланды.
Ерекше назар халық пен мемлекеттік органдар арасындағы кері байланысты нығайтуға бағытталған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына аударылды.
Осындай іс-шаралар қоғамдық диалогты дамытуға және қоғамдағы сенімді нығайтуға ықпал етеді.