Меню

Страницы

Статья

Бескөл ауылындағы Пробация үйінде пробация есебінде тұрған азаматтарды кезекті қабылдау өтті

Бескөл ауылындағы Пробация үйінде пробация есебінде тұрған азаматтарды кезекті қабылдау өтті.
Кездесу «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, пробация қызметі мен прокуратура өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды.
Қабылдау барысында пробация есебінде тұрған алты азамат кеңес алу үшін жүгінді. Негізгі назар жұмысқа орналасу, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды жақсарту және әлеуметтік көмек алу мәселелеріне аударылды. Әрбір өтініш бойынша қажетті түсіндірулер мен ұсыныстар берілді.
Қатысушылардың бірі жеке кәсіп ашу мүмкіндігі туралы сұрақ қойды. Мамандар мемлекеттік қолдау алу тәртібін, оның ішінде гранттық қаржыландыру мүмкіндіктерін түсіндіріп, кәсіпкерлік бастаманы жүзеге асырудың алдағы қадамдарын айқындап берді.
Осындай қабылдаулар аудандық қызметтер мен ведомстволар басшыларының қатысуымен Пробация үйінде ай сайын тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Дата публикации
10 июня 2026
Дата обновления
10 июня 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Жүрек жылуы жанымызға жақын жандарға
13 октября 2026
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия отырысы
13 октября 2026
Бескөл ауылында профилактикалық рейд өткізілді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы