4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран – еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің нышаны. Оларды құрметтеу – әрбір азаматтың парызы.
Осы мерекеге орай Отбасын қолдау орталығы мамандары тұрғындарға мемлекеттік рәміздердің маңызы туралы ақпарат беріп, отансүйгіштік құндылықтарды насихаттады.
Еліміздің көк Туы әрдайым биікте желбіреп, Тәуелсіз Қазақстанымыздың мерейі арта берсін!