29 мамыр күні Бескөл ауылының орталық алаңында «Біз отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсымыз» атты 2 шақырымдық жүгіру жарысы өтті.
Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға, отбасы құндылықтарын нығайтуға және зорлық-зомбылықсыз қоғам құру идеясын қолдауға бағытталды. Барлық қатысушылар қашықтықты сәтті еңсеріп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Біз бірге денсаулықты, қауіпсіздікті және зорлық-зомбылықсыз өмірді таңдаймыз!