Қызылжар ауданы Отбасын қолдау орталығы психологы Худайбергенова Айбаршын Анарбаевна Бескөл ауылындағы №2 мектепте өткен ата-аналар жиналысына қатысып, «Балаға баға емес – қолдау керек» тақырыбында тренинг өткізді.
Іс-шара барысында ата-аналарға бала тәрбиесіндегі қолдаудың маңыздылығы, оқушының эмоционалдық жағдайына көңіл бөлу, сенімді қарым-қатынас орнату және баланың жетістігін бағалауда жылы сөз бен мотивацияның рөлі туралы ақпарат берілді. Тренинг кезінде қатысушылар түрлі психологиялық жаттығулар орындап, өз ойларымен бөлісіп, бала мен ата-ана арасындағы түсіністікті нығайту жолдарын талқылады.
Кездесу өте әсерлі әрі пайдалы өтті. Ата-аналар балаға тек жоғары баға емес, ең алдымен қолдау, сенім және мейірім қажет екенін түсінді. Осындай кездесулер отбасы мен мектеп арасындағы байланысты күшейтіп, балалардың жан-жақты дамуына оң ықпал етеді.