Этникалық қазақтарға құжаттандыру бойынша қолдау көрсетілді
Отбасын қолдау орталығы тарапынан этникалық қазақтарға құжаттандыру мәселелері бойынша түсіндіру және сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында азаматтарға қажетті құжаттарды рәсімдеу тәртібі түсіндіріліп, құқықтық және консультациялық көмек көрсетілді. Сонымен қатар көші-қон, тіркеу және әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша ақпарат берілді.
Азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.