№3 орта мектебінде ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып, оған Отбасын қолдау орталығы психологы Худайбергенова Айбаршын Анарбаевна қатысты. Жиналыс барысында ата-аналармен бала тәрбиесі, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, отбасындағы түсіністік пен қолдау тақырыптарында әңгіме жүргізілді.
Сонымен қатар қатысушыларға қызықты психологиялық тренингтер өткізіліп, ата-аналардың балаға деген сенімі мен қолдауының маңыздылығы түсіндірілді. Тренинг барысында түрлі жаттығулар ұйымдастырылып, ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, белсенді қатысты.
Кездесу жылы әрі ашық атмосферада өтіп, ата-аналар пайдалы ақпарат алып, өзара тәжірибе алмасты.