«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық акциясы
2026 жылғы 18 мамыр мен 8 маусым аралығында Қызылжар ауданы аумағында «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты республикалық ауқымды акция флешмоб және челлендж форматында өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты:
есепте тұрған тұлғаларды тексеру;
ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
ұйымдарда кездесулер мен дәрістер өткізу;
флешмобтар ұйымдастыру;
мемлекеттік органдармен бірлескен іс-шаралар өткізу;
қайырымдылық акцияларын жүзеге асыру
Отбасындағы татулық пен қоғамдағы қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған бұл челленджді Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға жолдаймыз!