«Қазақстан отбасылары – 2026» Ұлттық баяндамасын дайындау аясында Қоғамдық даму институтында аудандық Отбасын қолдау орталықтарының директорларымен фокус-топ өтті.
Фокус-топ барысында отбасы саясаты, орталықтардың тиімділігі және аудандық деңгейдегі өзекті мәселелер талқыланды.
Солтүстік Қазақстан облысының өкілі ретінде қатысып, өңірдегі жұмыс тәжірибесімен бөлістім.
Кездесу тәжірибе алмасып, отбасыларды қолдау бағытындағы ұсыныстарды талқылауға мүмкіндік берді.