Астанада «Отбасы институты: диалог, серіктестік, даму» атты халықаралық форум өтті.
Форум барысында отбасы құндылықтарын нығайту, әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру, ата-аналық мәдениетті дамыту және отбасы институтының рөлін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.
TEDx Talks форматындағы алаңда отбасын қолдау бағытындағы тиімді жобалар мен тәжірибелер таныстырылып, өзекті бастамалар ортаға салынды. Сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер өкілдерінің қатысуымен консультативтік кездесу өтіп, отбасын қолдау орталықтарының даму бағыттары қарастырылды.
Форум аясында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының басталғаны ресми түрде жарияланды.