Чемпиондар қатарынан төртінші жыл!
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Надежда-2026» облыстық спартакиадасы 1–2 мамыр күндері Петропавл қаласында өтті.
Спартакиадаға облыстың 13 ауданынан және Петропавл қаласынан (есептен тыс) командалар қатысты.
Жарыстар 13 спорт түрі бойынша өтті. Қорытындысында Қызылжар ауданының командасы құрметті 1-орынды (259 ұпай) иеленді;
2-орын – Аққайың ауданы (234 ұпай);
3-орын – Мамлют ауданы (228 ұпай).
Қуанышты жаңалықпен әлеуметтік желіде біздің команданың өкілі Руслан Растенов бөлісіп, әрбір спортшы осы жеңіске өз үлесін қосқанын атап өтті.