«Қазақстан – бірлік пен мейірім мекені» тақырыбында аудандық кітапханада тағылымды іс-шара өткізілді.
Іс-шараға 2-ші орта мектептің оқушылары қатысып, жасөспірімдерге рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған мазмұнды жұмыстар жүргізілді. Отбасын қолдау орталығының психологы Худайбергенова Айбаршын Анарбаевна балалармен психологиялық тренингтер өткізіп, бірлік, сыйластық, мейірімділік туралы ой бөлісті.
Сонымен қатар, іс-шара Балалар кітапханасының маманы Аяужан Агжановнамен бірлесіп ұйымдастырылып, оқушылардың белсенді қатысуымен қызықты өтті. Кездесу барысында балалар өз ойларын еркін жеткізіп, достық пен татулықтың маңыздылығын түсінді.
Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру, елге деген сүйіспеншілікті арттыру және қоғамдағы бірлік пен мейірімділікті дәріптеу болды.