«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: таза болашақ үшін бірге!
Жалпыұлттық «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» экологиялық акциясы аясында аудан аумағында қоршаған ортаны абаттандыру және тазалау бойынша үндеу акциясы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарауды дәріптеу және туған өлкенің тазалығы үшін әрбір азаматтың жауапкершілігін арттыру.
Мұндай бастамалар елді мекендердің келбетін жақсартып қана қоймай, барша жұртты ортақ мақсат — Қазақстанды таза, көрікті әрі өмір сүруге қолайлы ету жолында біріктіреді.