Меню

Страницы

Статья

Қауіпсіз балалық шақ – әрбір баланың құқығы мен басты қажеттілігі

 

Қауіпсіз балалық шақ – әрбір баланың құқығы мен басты қажеттілігі. Осы бағытта Отбасын қолдау орталығының психологы Худайбергенова Айбаршын Анарбаевна жоғары сынып оқушыларына арналған арнайы тренинг өткізді. Тренингтің негізгі мақсаты – жасөспірімдердің қауіпсіздік туралы түсінігін арттыру, олардың өз-өзін қорғау дағдыларын дамыту және түрлі өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға үйрету.

Іс-шара барысында оқушылармен ашық әңгіме жүргізіліп, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер – буллинг, киберқауіпсіздік, зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыптары қамтылды. Психолог қатысушыларға қауіптің түрлерін ажырату, сенімді адамдарға жүгіну және қиын жағдайда әрекет ету жолдары туралы кеңестер берді.

Тренинг интерактивті форматта өтіп, түрлі ойындар, жағдаяттық тапсырмалар мен пікір алмасу арқылы жалғасты. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті, сондай-ақ бір-біріне қолдау көрсетудің маңыздылығын түсінді.

Шара соңында қатысушылар қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын бекітіп, алған білімдерінің күнделікті өмірде маңызды екенін атап өтті. Осындай тренингтер жасөспірімдердің тұлғалық дамуына, өзіне деген сенімділігінің артуына және қауіпсіз орта қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

Дата публикации
05 мая 2026
Дата обновления
05 мая 2026
Тип

Сейчас читают

13 октября 2026
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия отырысы
13 октября 2026
Бескөл ауылында профилактикалық рейд өткізілді
13 октября 2026
Әр отбасыға қамқорлық пен қолдау!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы