Жастармен маңызды тақырыптарды талқылау – уақыт талабы!
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Преснов және Налобин орта мектептерінің жоғары сынып оқушыларына «Отбасы – тұлға қалыптасуының негізі» тақырыбында танымдық кездесу өткізілді.
Кездесу барысында маңызды мәселелер қарастырылды:
🔹 өмірлік құндылықтарды қалыптастыру
🔹 отбасының тұлға қалыптасуындағы рөлі
🔹 әр адамның қоғам алдындағы жауапкершілігі
Оқушылар үшін ерекше қызықты өткен бөлім – «Заң менің өзімнен басталады» атты зияткерлік ойын
Қатысушылар құқықбұзушылық, өрт қауіпсіздігі және жеке құқықтарды қорғау тақырыптары бойынша білімдерін көрсетіп, логикалық ойлау қабілеттерін танытты
Осындай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жауапкершілік пен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді