«СҚО Қызылжар ауданы әкімдігінің Отбасын қолдау орталығы» КММ «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында сенбілікке қатысты
Орталық қызметкерлері аумақты абаттандыру жұмыстарына белсене қатысып, тазалық жұмыстарын жүргізді: қоқыстар жиналып, аула аумақтары ретке келтірілді.
Мұндай іс-шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастырып, ұжымдық рухты нығайтуға және қоршаған ортаның тазалығына деген жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.
Тазалық – әрқайсымыздан басталады!