Пробация үйіндегі кезекті қабылдау
Пробация есебінде тұрған азаматтармен кезекті қабылдау ұйымдастырылды. Қабылдау барысында олардың әлеуметтік жағдайы, тұрмыстық мәселелері және алдағы жоспарлары талқыланды.
Әр азаматпен жеке түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құқықтық және психологиялық қолдау көрсетілді. Сонымен қатар, қайта әлеуметтену және қоғамға бейімделу бағытында қажетті ұсыныстар берілді.
Мұндай кездесулер азаматтарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, жаңа өмір бастауға мүмкіндік береді.