Қызылжар аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы, полиция капитаны А.Н. Даулетова Қызылжар аудандық орталық кітапханасында өткен «Гендерлік теңдік – заман талабы» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.
Іс-шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандары, Жастар ресурстық орталығының директоры, «Есіл Н.С.» ЖШС төрайымы, Аналар кеңесінің төрайымы, «Б.С. Сейілова» ЖК басшысы, Отбасын қолдау орталығының маманы, аудандық аурухана директорының орынбасары қатысты.
Іс-шара барысында гендерлік теңдікке қатысты өзекті мәселелер, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары талқыланды. Өз сөзінде құқық қорғау саласының өкілі азаматтардың құқықтарын қорғауға, отбасы институтын нығайтуға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Практикалық мысалдар келтіре отырып, ол отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті түсіндіріп, дер кезінде көмекке жүгінудің қажеттігін атап өтті.