Пробация есебінде тұратын азаматтармен тренинг өткізілді
Тақырыбы: «Отбасылық құндылықтар және қарым-қатынас мәдениеті»
Іс-шара барысында қатысушылармен отбасының маңыздылығы, өзара сыйластық, сенім мен түсіністік жайында ашық пікір алмасу өтті. Психолог тарапынан тиімді қарым-қатынас орнату және жанжалдарды бейбіт жолмен шешу тәсілдері түсіндірілді.
Тренинг барысында қатысушылар түрлі жаттығулар орындап, өз ойларымен бөлісті. Бұл олардың өз-өзін тануына, өмірлік құндылықтарды қайта қарауына ықпал етті.
Мұндай іс-шаралар азаматтардың әлеуметтік бейімделуіне және қоғамға қайта қосылуына үлкен септігін тигізеді.