Отбасын қолдау орталығының психологы Худайбергенова Айбаршын Анарбаевна пробация есебінде тұрған әйелдермен «Әйел – әлемнің шуағы» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Тренинг барысында қатысушылармен әйелдің қоғамдағы және отбасыдағы рөлі, өзін-өзі бағалау, өмірге деген сенімділік пен позитивті ойлау туралы әңгіме жүргізілді. Әртүрлі психологиялық жаттығулар арқылы қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, бір-біріне қолдау көрсетті.
Іс-шараның мақсаты – әйелдердің ішкі күшін сезінуіне, өзіне деген сенімділігін арттыруға және өмірге жаңа көзқараспен қарауына көмектесу.
Әйел – мейірім мен жылулықтың, өмірдің шуағы.