Меню

Страницы

Статья

Отбасын қолдау орталығы психологы Айбаршын Анарбаевна пробация есебінде тұратын азаматтармен «Өзін-өзі бағалау және болашақ жоспарын құру» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді

Кызылжар ауданының пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы
әділет аға лейтенанты Нургалиева Айдана Нурлановна
Жастар орталық ресурсы мен бірлесіп
Отбасын қолдау орталығы психологы Айбаршын Анарбаевна пробация есебінде тұратын азаматтармен «Өзін-өзі бағалау және болашақ жоспарын құру» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты – қатысушылардың ішкі сенімін арттыру, өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалауға үйрету, өмірлік мақсаттарын айқындап, болашаққа нақты жоспар құруына қолдау көрсету.
Кездесу барысында:
🔹 Өзін-өзі бағалау деңгейін анықтауға арналған жаттығулар жүргізілді;
🔹 Қатысушылар өздерінің күшті және әлсіз тұстарын талдады;
🔹 «Менің болашақтағы өмірім» атты практикалық тапсырма арқылы жеке мақсаттар айқындалды;
🔹 Қысқа және ұзақ мерзімді жоспар құру алгоритмі түсіндірілді;
🔹 Мотивациялық қолдау және позитивті ойлау дағдылары талқыланды.
Тренинг барысында ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, әр қатысушы өз ойымен бөлісті. Практикалық жұмыстар арқылы өмірге деген жауапкершілік, саналы таңдау жасау және заң талаптарын сақтау маңыздылығы атап өтілді.
Шара соңында қатысушылар өз болашағына сеніммен қарау, жеке даму жолында нақты қадамдар жасау қажеттігін түсінді.
 Мұндай кездесулер азаматтардың қоғамға бейімделуіне, әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға және өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

Дата публикации
31 марта 2026
Дата обновления
31 марта 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Жүрек жылуы жанымызға жақын жандарға
13 октября 2026
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия отырысы
13 октября 2026
Бескөл ауылында профилактикалық рейд өткізілді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы