«Экстремизмнің алдын алу: желідегі қауіпті контентті қалай тануға болады?» тақырыбында ашық диалог өтті.
Жастар ресурстық орталығы жұмыссыз азаматтар мен пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға арналған ашық диалог ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты — қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және интернет кеңістігіндегі деструктивті әрі экстремистік мазмұндағы ақпаратқа қарсы тұру дағдыларын қалыптастыру.
Кездесуге:
Кездесу барысында мамандар интернеттегі тыйым салынған материалдардың белгілерін түсіндіріп, экстремистік әрекеттерге тартылудың алдын алу жолдары мен заңнамада көзделген жауапкершілік туралы ақпарат берді.
Психолог қатысушыларға манипуляцияға қарсы тұру тәсілдері мен психологиялық тұрақтылықты сақтау жолдарын түсіндірді.