Меню

Страницы

Статья

Ведомствоаралық жұмыс тобы аясында профилактикалық есепте тұрған тұлғаларға, сондай-ақ бұрын құқық қорғау органдарының назарында болған азаматтарға тексеру жүргізілді

24.02.2026 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл тобының инспекторлары — полиция капитаны Даулетова А. және полиция аға лейтенанты Құдайбергенова А., Отбасын қолдау орталығының басшысы Қаржау О., Жастар ресурстық орталығының өкілі Г. Башимова, Вагулин ауылдық округінің учаскелік инспекторлары — полиция капитаны А. Қадыров пен полиция майоры Р. Бақтыбаев, сондай-ақ ауылдық округ әкімі И. Шишкина, медицина қызметкерлері мен мектеп өкілдері бірлесіп, көшпелі профилактикалық іс-шара өткізді.

Ведомствоаралық жұмыс тобы аясында профилактикалық есепте тұрған тұлғаларға, сондай-ақ бұрын құқық қорғау органдарының назарында болған азаматтарға тексеру жүргізілді. 
Отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетілді: Отбасын қолдау орталығы мен Жастар ресурстық орталығы әлеуметтік және консультациялық көмек көрсетіп, киім-кешек пен азық-түлікпен қамтамасыз етті. 
Сонымен қатар профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құқықтық көмек көрсетілді. 
Мұндай іс-шаралар отбасылық құндылықтарды нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамда қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған. 
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Бірге – қауіпсіз әрі мықты қоғам құрамыз!

Дата публикации
17 марта 2026
Дата обновления
17 марта 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Жүрек жылуы жанымызға жақын жандарға
13 октября 2026
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия отырысы
13 октября 2026
Бескөл ауылында профилактикалық рейд өткізілді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы