20.02.2026 жылы
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторлары кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторымен және Отбасын қолдау орталығының басшысымен бірлесіп, Қызылжар ауданының Бескөл ауылындағы профилактикалық кабинетте Ашық есік күнін өткізді.
Іс-шара отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталды.
Кездесу барысында тұрғындарға өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құқықтық және психологиялық көмек көрсетілді.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу және отбасыларды қолдау жұмыстары жалғасуда.