Меню

Страницы

Статья

Тақырып: «Отбасы – рухани тірек: Отбасындағы құндылықтарды сақтау және нығайту»

Тақырып: «Отбасы – рухани тірек: Отбасындағы құндылықтарды сақтау және нығайту»

Отбасы – әр адамның өміріндегі ең маңызды рухани тірек. Әсіресе жасөспірім кезеңде отбасының қолдауы, түсіністігі мен сенімі үлкен рөл атқарады. Осы бағытта Парасат мектеп-лицейінің 10–11 сынып оқушыларымен тағылымды кездесу өткізілді. Кездесу барысында отбасы құндылықтарының маңызы, ата-ана мен бала арасындағы өзара сыйластық, сенім мен жауапкершілік тақырыптары кеңінен талқыланды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, болашақ отбасы туралы көзқарастарын ортаға салды. Сонымен қатар, жанжалдың алдын алу жолдары, дұрыс қарым-қатынас орнату мәдениеті және құқықтық жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. Іс-шараға: 

Әділет капитаны, инспектор психолог Ұлтжанова Алтыншаш Мұқтарқызы 

Отбасын қолдау орталығының психологы Худайбергенова Айбаршын Анарбаевна 

Отбасын қолдау орталығының заңгері Нубаев Марат Талгатович қатысты.

Кездесудің мақсаты – жастарға отбасының қадір-қасиетін түсіндіру, саналы шешім қабылдауға бағыт беру және болашақта берік, жауапты отбасы құруға негіз қалыптастыру.  Берік отбасы – саналы ұрпақтың кепілі!

Дата публикации
17 марта 2026
Дата обновления
17 марта 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Жүрек жылуы жанымызға жақын жандарға
13 октября 2026
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия отырысы
13 октября 2026
Бескөл ауылында профилактикалық рейд өткізілді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы