Меню

Страницы

Статья

ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАРСЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА – ЖОҚ!

ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАРСЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА – ЖОҚ!
Қазақстанда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға бағытталған республикалық ақпараттық науқан басталды.
 Науқанның мақсаты: – әйелдер мен қыздар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру;
– халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру;
– мәжбүрлі некеге, аңдуға (сталкингке) және қысым көрсетудің кез келген түріне қарсы әрекет ету.
 Науқан 10 наурызға дейін жалғасады.
Осы кезеңде мектептерде, колледждерде және еңбек ұжымдарында кездесулер, тренингтер мен дәрістер өткізіледі. Теледидар мен интернетте әлеуметтік бейнероликтер және пайдалы ақпараттық материалдар жарияланады.
 «QURMET» челленджіне қосылыңыз!
Құрметтің, жеке шекараның және қауіпсіз ортаның маңыздылығы туралы өз ойларыңызбен бөлісіңіз.
 Егер сіз зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз:
📞 102 – полиция

📞 111 – Ұлттық сенім телефоны

Сондай-ақ көмек өңірлердегі Отбасын қолдау орталықтары арқылы да көрсетіледі.

Бейжай қалмаңыздар. Қауіпсіз қоғамды бірге құрайық!

Дата публикации
12 марта 2026
Дата обновления
12 марта 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Жүрек жылуы жанымызға жақын жандарға
13 октября 2026
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия отырысы
13 октября 2026
Бескөл ауылында профилактикалық рейд өткізілді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы