Меню

Страницы

Статья

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – басты назарда

 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – басты назарда
Қызылжар ауданы прокуратурасының бастамасымен, аудан әкімінің орынбасары Аzat Ибраевтың қатысуымен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне арналған ауқымды ата-аналар жиналысы өтті.
 Іс-шараға офлайн және онлайн форматта 2000-ға жуық ата-ана қатысты.
Жиынға аудан прокуроры Қайсар Әбішев, қорғаныс істері бөлімі, төтенше жағдайлар органдары, полиция өкілдері, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облыстық Психологиялық қолдау орталығының психологы Елена Мансурова қатысты.
Кездесу барысында келесі мәселелер қарастырылды:
▪ жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу
▪ ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі
▪ отбасы мен мектептің заңға бағынатын мінез-құлық қалыптастырудағы рөлі
▪ проблемалық жағдайларды ерте анықтау
▪ балалар мен жасөспірімдерге уақытылы психологиялық көмек көрсету

Қатысушылар мемлекеттік органдар, білім беру ұйымдары және ата-аналар арасындағы тығыз өзара іс-қимыл ғана өскелең ұрпақ үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Дата публикации
12 марта 2026
Дата обновления
12 марта 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Жүрек жылуы жанымызға жақын жандарға
13 октября 2026
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия отырысы
13 октября 2026
Бескөл ауылында профилактикалық рейд өткізілді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы