Отбасын қолдау орталығы баршаңызды «Отбасылық бірлік» атты мәдени-спорттық күнге шақырады!
Іс-шара аясында орыс дойбысы бойынша турнир ұйымдастырылады.
Күні: 2026 жылғы 18 ақпан
Уақыты: 10:00
Өтетін орны: Бескөл ауылы, Институтская көшесі 1, 202-кабинет.
Турнир аудан тұрғындары арасында интеллектуалдық демалысты дамыту, достық қарым-қатынасты нығайту және үстел ойындарын насихаттау мақсатында өткізіледі.
Қатысуға барлық ниет білдірушілер шақырылады!
Қатысу және тіркелу мәселелері бойынша Отбасын қолдау орталығына хабарласуға болады.
Сіздерді күтеміз және барлық қатысушыларға сәттілік пен әдемі жеңістер тілейміз!