«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Қызылжар ауданы прокуратурасының және пробация қызметінің бастамасымен сотталған азаматтарға құқықтық қолдау көрсету және олардың әлеуметтік бейімделуіне бағытталған «Құқық векторы» акциясы өткізілді.
Іс-шараға прокуратура, пробация қызметі, полиция, денсаулық сақтау саласының өкілдері, мансап орталығы, жергілікті атқарушы органдар және Отбасын қолдау орталығының мамандары қатысты.
Акция барысында шамамен 36 адам консультациялық және құқықтық көмек алды.
Бірлескен жұмыс сотталған азаматтардың табысты қайта әлеуметтенуіне және қоғамдағы толыққанды өмірге оралуына бағытталған.