2026 жылғы 5 ақпанда Астана қаласындағы «Жанұя» отбасын қолдау орталығының базасында отбасын қолдау орталықтарының қызметкерлеріне арналған Конституция нормаларын түсіндіруге бағытталған республикалық онлайн кездесу өтті.
Аталған іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен, соның ішінде Іле аудандық «Отбасын қолдау орталығының» мамандары белсенді түрде қатысты.
Кездесу барысында:
• отбасы институтына қатысты конституциялық қағидаттар;
• азаматтардың әлеуметтік құқықтарын іске асыру тетіктері;
• балалар мен ата-аналардың құқықтарын қорғау нормалары;
• әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде конституциялық қағидаттарды қолдану тәжірибесі жан-жақты талқыланды.
Іс-шараға республика бойынша 120-дан астам маман қатысып, кәсіби тәжірибе алмасып, өзекті сұрақтарға жауап алды.
Аталған кездесу әлеуметтік сала мамандарының құқықтық мәдениетін арттыруға және отбасы институтын қолдауға бағытталған маңызды диалог алаңына айналды.