Бугровое ауылында өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды анықтау, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ісі бойынша кезекті көшпелі іс-шара өткізілді.
Іс-шара аудан әкімінің орынбасары А.С. Ибраевтың басшылығымен өтті.
Іс-шара барысында отбасылардың тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізіліп, профилактикалық және түсіндіру әңгімелері өткізілді, әлеуметтік қолдау шаралары бойынша ұсыныстар берілді, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері қаралды.