2026 жлғы ақпанның 17-сі Қызылжар ауданының Бескөл ауылында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы прыофилактикалық кабинет ашылды.
Кабинет азаматтарға жеке қабылдау жүргізу, құқықтық кеңес беру және кешенді көмек көрсетуге арналған. Жұмысқа полиция қызметкерлері, психологтар, медицина және әлеуметтік сала мамандары тартылған.
Кәмелетке толмаған балалары бар азаматтар үшін кабинеттің ішінде балалар бұрышы жабдықталған. Бұл ата-аналарға кеңес алу барысында жайлы әрі қауіпсіз жағдайда болуға мүмкіндік береді.
Ашылу іс-шарасына Қызылжар ауданы полиция бөлімінің басшысының орынбасары, полиция майоры Рустам Садулов, әкім орынбасары Азат Ибраев, Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Наталья Тесла, Отбасын қолдау орталығының басшысы Оралхан Қаржау, психолог және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес тобының инспекторлары — полиция капитаны Айнұр Даулетова, полиция аға лейтенанты Ақмарал Құдайбергенова қатысты.