Меню

Страницы

Статья

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өтті

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өтті.
Кәмелетке толмаған балалары бар отбасылардың тұрмыс жағдайын бақылау және алдын алу мақсатында Якорь ауылында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының төрағасы А.С. Ибраевтың қатысуымен көшпелі іс-шара ұйымдастырылды.

 Ауа температурасының төмендеуі мен аязды күндердің келуіне байланысты өтетін жылыту маусымына үйлердің қысқы дайындығына ерекше назар аударылды. Көшпелі комиссия құрамында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар, әкімдік өкілдері, ауылдық округ әкімі және Отбасын қолдау орталығының директоры болды.

 Отбасылардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша пешпен жылыту жүйесінің жай-күйі, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы және кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіз өмір сүру жағдайлары тексерілді.

 Ата-аналармен (заңды өкілдерімен) профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, түсіндіру жұмыстары мен ұсыныстар берілді.

Дата публикации
02 марта 2026
Дата обновления
02 марта 2026
Тип

Сейчас читают

13 октября 2026
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия отырысы
13 октября 2026
Бескөл ауылында профилактикалық рейд өткізілді
13 октября 2026
Әр отбасыға қамқорлық пен қолдау!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы