«Аңшылар мен балықшылар арасындағы заң және тәртіп»
2026 жылғы 10 қаңтарда облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен облыстың барлық аудандарында, сондай-ақ Петропавл қаласында «Аңшылар мен балықшылар арасындағы заң және тәртіп» атты профилактикалық акция өткізілді.
Профилактикалық іс-шаралар көлдерде, өзендерде және орман алқаптарында ұйымдастырылды. Акция барысында қатысушылар аңшылар мен балықшыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, аң аулау және балық аулау қағидаларын, қауіпсіздік талаптарын еске салды, сондай-ақ ақпараттық парақшалар таратты.
Акцияның негізгі мақсаты – аңшылар мен балықшылар арасында заңға бағынатын және жауапты мінез-құлықты қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қысқы кезеңде, әсіресе мұз үстінде балық аулау кезінде су айдындарында орын алуы мүмкін жазатайым оқиғалардың алдын алу.