Қамқорлық — қоғамның айнасы
Жалғызілікті, көпбалалы, қарт анаға, мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасыға отын қоры таусылғанына байланысты тегін отын жеткізілді.
Бұл игі іс Отбасын қолдау орталығының бастамасымен және жеке кәсіпкердің қолдауымен жүзеге асырылды.
Аталған отбасы әлеуметтік осал санатқа жататындықтан, жағдай жедел түрде назарға алынып, қыс мезгілінде үйді жылумен қамтамасыз ету үшін қажетті мөлшерде отын берілді.
Қарт ана көрсетілген көмек үшін шынайы алғысын білдіріп, мұндай қолдау қиын сәтте үлкен демеу болғанын атап өтті.
Айта кетейік, әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
Қамқорлық пен мейірімділік — баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.