📌 Білім саласында FSM Social ақпараттық жүйесін енгізу және оны тиімді пайдалану бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған жүйе қосымша білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды және олардың отбасыларын ерте кезеңде анықтауға, сондай-ақ әлеуметтік қолдауды уақтылы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
📊 FSM Social платформасы арқылы білім алушылардың әлеуметтік жағдайына қатысты деректер жүйеленіп, әлеуметтік тәуекелдерге талдау жасалады. Бұл профилактикалық шараларды күшейтуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстардың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
📝 Түсіндірме жұмыстары барысында мамандар қосымшаның негізгі мүмкіндіктері мен оны пайдалану тәртібімен таныстырылып, нәтижесінде жүйені күнделікті қызметте қолдану деңгейін арттыруға жағдай жасалды.