Пробацияда есепте тұрған тұлғалармен бақылау жүргізілді.
Бүгін Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтармен алдын алу бағытындағы жоспарлы сұхбат өткізілді. Сұхбаттың негізгі мақсаты – олардың қазіргі жағдайын анықтау, әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету, құқықтық сауаттылығын арттыру және қайталама құқықбұзушылықтың алдын алу.
Әңгіме барысында азаматтардың отбасы жағдайы, жұмыспен қамтылуы, тұрмыс жағдайы, психологиялық күйі мен әлеуметтік ортасы талқыланды. Сонымен қатар, өмірлік мақсаттары, болашаққа деген жоспарлары және қоғамға бейімделу жолдары қарастырылды. Қатысушыларға стрессті басқару, конфликтіден шығу, эмоцияларды бақылау бойынша кеңестер берілді.