Отбасын қолдау орталығы Бугровое ауылында әкімдік қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, медицина қызметкерлері және полиция өкілдері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
✏️ FSM SOCIAL мобильдік қосымшасы арқылы сигнал беру тәртібі жөнінде нұсқаулықтар түсіндірілді.
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылармен тиісті жұмыстар атқарылды.
📌 Атқарылған жұмыстар:
Отбасылардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайына зерттеу жүргізілді
Әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетілді
Қажеттілігіне қарай отбасыларды сүйемелдеу жұмыстары ұйымдастырылды
✨ Қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға дер кезінде көмек көрсету – орталық мамандарының негізгі міндеттерінің бірі.