🎗 «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» акциясы аясында Отбасын қолдау орталығымен бірлесіп, әйелдер мен балалардың қатысуымен мәдени-спорттық іс-шара ұйымдастырылды.
Қатысушылар аэрохоккей, дартс және шашки ойындарында өздерінің шеберлігі мен ептілігін көрсетті.
Спорттық сайыстар аяқталғаннан кейін іс-шараға қатысушылар үшін дастархан жайылып, шай ішу ұйымдастырылды. Іс-шара қорытындысы бойынша ең белсенді және үздік қатысушылар марапатталды.
Сонымен қатар, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған кезде көмек алу мүмкіндіктерін түсіндіру мақсатында профилактикалық әңгіме жүргізілді.