Қызылжар ауданында 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» атты республикалық акция өтуде.
Акция аясында Отбасыларды қолдау орталығының мамандары, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес тобының инспекторлары тұрғындар арасында түсіндіру және қолдау көрсету бағытында жұмыстар жүргізуде.
Осы уақыт аралығында: ✔ профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, аулаларды аралау жұмыстары ұйымдастырылды;
✔ қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылармен және зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтармен жеке кездесулер өткізілді;
✔ көмек көрсету жолдары бойынша ақпараттық-түсіндіру шаралары жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, мектептерде акцияға арналған танымдық кездесулер өтті.
Отбасыларды қолдау орталығының басшысы Қаржау Оралхан, заңгер Марат Нубаев және профилактика бөлімінің инспекторлары бірлесіп Рощин ауылдық округіне шығып, кең көлемді аула аралау жұмыстарын жүргізді.