Меню

Страницы

Статья

25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Қазақстан көлемінде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді 16 күн іс-қимыл» акциясы өткізіледі

25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Қазақстан көлемінде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді 16 күн іс-қимыл» акциясы өткізіледі.

Акцияның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қоғамның назарын аудару, зорлық-зомбылық құрбандарының құқықтарын қорғау және қайғылы жағдайлардың алдын алу. Іс-шара аясында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа жол бермеу, ана мен баланы қорғау, сондай-ақ отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды анықтауға бағытталған жұмыстар жүргізіледі.

Егер сіз немесе сіз білетін адам зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе куәгері болса, дереу полицияның 102 нөміріне немесе 111 бірыңғай байланыс нөміріне хабарласу қажет.

Аталған акция қоғамдағы жауапкершілікті арттыруға, қауіпсіз орта қалыптастыруға және әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған маңызды бастама болып табылады.

Дата публикации
15 декабря 2025
Дата обновления
15 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Жүрек жылуы жанымызға жақын жандарға
13 октября 2026
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия отырысы
13 октября 2026
Бескөл ауылында профилактикалық рейд өткізілді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы